Талғар ауданында 10 гектар шөп өртенді

1 Шілде 2023, 15:01
561
Бөлісу:
Талғар ауданында 10 гектар шөп өртенді
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Алматы облысы Талғар ауданында құрғақ шөптің жану фактісі бойынша ақпаратты таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 1 шілдеде сағат 11:09-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданында, Байбұлақ ауылының маңында, таудың баурайында 10 га құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Өртті жоюға ТЖД 17 қызметкері мен 4 техникасы, 15 әскери қызметшісі және № 28237 әскери бөлімінің 1 техникасы, 6 адамы және ЖАО 1 техникасы, 12 адамы және орман шаруашылығының 2 техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 14:30-да сөндірілді, нақтыланған жану алаңы 7 га құрады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы