Талдықорғандықтардың табиғи газға қосылуы үшін қанша қаржы қажет?

12 Мамыр 2022, 21:10
1469
Бөлісу:
Талдықорғандықтардың табиғи  газға қосылуы үшін қанша қаржы қажет?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда қалада газға 28,5 мың абонент қосылған.  Бұл туралы Jetisy media алаңында Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев айтты. 

Бірнеше ай бойы қаланы аралап, тұрғындармен тілдесіп қайтқан жаңа әкім қаланы одан әрі дамытудың бірнеше басым бағыттарын атап өтті. Талдықорғандықтардың өзекті мәселелерінің бірі табиғи газға қосылу болып тұр.Әкімнің айтуынша, қаланы газдандыру жобасы бөлінген 4 кезеңмен жүзеге асырылуда. 

1-ші кезек бойынша 5327 абонент, 2 – ші кезек бойынша-15792, 3 – ші кезек бойынша - 4260, 4 – ші кезек бойынша-2897 абонент қосылады. Газға қосылу құны 300-ден 920 мың теңгеге дейін, - деп бөлісті Әсет Масабаев. 

Шаһар басшысы бұндай баға нарықтың сұранысына қатысты екенін атап өтті. Алайда газ қосу үшін шығынды азайту жұмыстар жасалып жақан көрінеді. 

Электр желілерін энергия беруші ұйымның балансына беру туралы: электр желілерінің жалпы ұзындығы 1190 км құрайды, бұл 589 км – ТКШ, 598 км – ТАТЕК АҚ және 2,95 км – иесіз желілер. 

Желілерді, ТП мен ТП-ны электр беруші ұйымның сенімгерлік басқаруына беру мерзімсіз болуы мүмкін қала бюджетіне біржолғы жүктемемен 357 млн тг және келесі төлемдер мөлшерінде 100-150 млн тг. Аталған іс-шараларды 2024 жылдан бастап өткізу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы