Талдықорғандық педофил 10 жастағы қызды зорламақ болған

Талдықорғанда 19 жастағы жігіт оқушы қызды зорламақ болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Арман Мухатов  - архив 18 Қаңтар 2024 2024, 12:01
18 Қаңтар 2024 2024, 12:01
2395
Фото: - архив

Талдықорғанда 19 жастағы жігіт оқушы қызды зорламақ болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Криминальный Казахстан телеграм-каналы мәліметінше, оқыс оқиға 17 қаңтарда сағат 14:30 шамасында болған. 

Оқушының анасы бірден полицияға арыз жазған. Қыздың сөзінше, ол Оқушылар сарайындағы қосымша сабағына бара жатқан. Жол-жөнекей артынан белгісіз ер адам ере бастаған. "Күншуақ" балабақшасына жете бергенде ер адам оны құрылыс алаңына қарай сүйрей жөнелген. "Өлтірем" деп қорқытқан ол қызға дыбысын шығармауды бұйырған. Кейін шалбарын шешіп, қызға тиісейін деп жатқанда өтіп бара жатқан адам көмекке келген.  

Полицейлер 19 жастағы күдіктіні ұстады. Қазір ол қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген хабарламада.

Наверх