Талдықорғандағы төбелес. Тағы 5 адам ұсталды

3 Қаңтар 2024, 11:30
4386
Бөлісу:
Талдықорғандағы төбелес. Тағы 5 адам ұсталды
VIDEO
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Полицейлер Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде Жаңа жыл түні төбелескен тағы бес қатысушыны ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Күдіктілер 2 қаңтарда ұсталды.

Жалпы 8 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығының әрекеті мұқият зерттеліп жатыр. Тергеу барысында олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі, - деді Жетісу облыстық полициясының бастығы Арман Саданов.

Естеріңізге сала кетейік, 30 желтоқсанға қараған түні Талдықорғандағы ойын-сауық орындарының бірінде Жаңа жыл мерекесінің құрметіне арналған жиын төбелеске ұласқан болатын. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды.

Өзгелердің жаңалығы