"Құлагер" ықшамауданындағы №32 және №3 көпқабатты үйлердің тұрғындары өз баспаналарының сапасыз екенін айтуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қала тұрғындары құрылыс материалдарының нашарлығы және ауладағы автотұрақ орындарының қарастырылмағандығы бойынша шағымданды. Қала әкімдігі бұл мәселені қатаң назарда ұстап отыр.
Жылу жүйесінің өшірілуі үлкен қиындық тудырды. Кейбір пәтерлерде құрылыс сапасы көңіл көншітпейді. Ал автотұрақ мәселесі тіптен қиын. Үйіміздің жанында көліктерді қоюға орын қарастырылмаған, соның салдарынан көліктер бейберекет қойылып, жолды жауып тастайды. Балалар үшін де өте қауіпті, - дейді қала тұрғыны Баян Нұрқанат.
Қазіргі таңда аталған түйткілге қатысты оң шешім табу үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жылу жүйесінің 1 күнге өшірілу себебі, теплосервисінің алдында берешегі болған, мердігер ұйымының өзінің кепілдік хатын жазған болатын. Ол хатта "15 сәуірге дейін осы тұрғын үйлерде жылу жүйесі өшпейді" делінген. Әр пәтерде орналасқан ақаулар біздің назарымыздан тыс қалмайды, мердігер ұйымының 2 жылдық кепілдік мерзімі бар, сол мерзім аралығында барлық кемшіліктер түзетілетін болады. Осыған қоса көтерілген тағы бір мәселе – осы 32 тұрғын үйге қарама қарсы орналасқан 3 тұрғын үй бар. Оның автотұрағының жоқтығы жайлы дау туған болатын. Бұл жайлы біз қазіргі таңда жекеменшік жер иесімен келіссөз жүргізудеміз. Жекеменшік иелер сондай-ақ өзіміздің мердігер ұйыммен де келісімге келудеміз. Өйткені мұндағы автотұрақтың құрылысы негізі жоба бойынша қарастырылмаған, - деді қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Бекнұр Алиакбар.