Талдықорғанда тоғыз қабатты үйдің екі қабатындағы балкондар өртенді

Өрттен 42 адам эвакуацияланып, зардап шеккендер тіркелген жоқ.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 8 Қараша 2026, 17:21
8 Қараша 2026, 17:21
127
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Талдықорғанда тұрғын үйдің сегізінші және тоғызыншы қабаттарындағы балкондар өртенді. Өрт кезінде ғимараттан 35 адам өздігінен эвакуацияланған. Тағы жеті адамды құтқарушылар сыртқа шығарды. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

«112» пультіне хабарлама түскеннен кейін өрт сөндіру бөлімшелері тоғыз қабатты тұрғын үйге шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша жіберілді. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өрттің жоғарғы екі қабаттағы балкондарды шарпығанын анықтады. Өрт аумағы 23,5 шаршы метрді құрады.

Өздігінен эвакуацияланғандардың арасында 11 бала болған. ТЖМ қызметкерлері тағы жеті адамды, оның ішінде екі кәмелетке толмаған баланы құтқарып, қауіпсіз жерге шығарды.

Өрт толық сөндірілді. Қазір тұтану себебі анықталып жатыр.

Наверх