Талдықорғанда таеквондодан республикалық ашық турнир басталды

9 Маусым 2024, 05:37
513
Бөлісу:
Талдықорғанда таеквондодан республикалық ашық турнир басталды
Фото: Жетісу облысы әкімдігі

Кеше Талдықорғанда Қазақстан Республикасының мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай таеквондодан Республикалық ашық турнир басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Жастар» спорт сарайында басталған турнирдің ашылу салтанатына Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев, Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері, Қазақстан таеквандо федерациясының вице-президенті Арман Чилманов және Парламент Мәжілісінің бірқатар депутаттары қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы бұл чемпионатына еліміздің әр түкпірінен келген 8-17 жас аралығындағы 400-ге жуық жас таеквондошы қатысуда. Жарыс екі күнге созылады.

Өзгелердің жаңалығы