Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Талдықорғанда полицияға белгісіз біреу вокзалда "бомба бар" деп хабарлаған

17 Қыркүйек 2025, 03:40
448
Бөлісу:
 Архив
Фото: Архив

Талдықорған қаласының шұғыл қызметтеріне теміржол вокзалы аумағында және Біржан Сал көшесіндегі тұрғын үйде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтық полиция мәліметінше, қауіпті аумақтарға жедел түрде полиция қызметкерлері, кинологтар және арнайы бөлімшелер жіберілген. Толық тексеру жүргізілгенімен, ешқандай жарылғыш немесе күдікті зат табылған жоқ.

Қазіргі уақытта вокзал штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушының жеке басын анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство терроризм актісі туралы жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Өзгелердің жаңалығы