Талдықорған қаласының Полиция басқармасының бастығы 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқи отырыңыз:
Бұл туралы Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов мәлімдеді.
Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді, - деді Атығай Арыстанов.
ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Барлық мән-жай қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерделенеді. Қылмыстық істі тергеу ҚР ІІМ-нің ерекше бақылауына алынды.