Талдықорғанда патриоттар шеруі өтті

4 Маусым 2024, 13:20
234
Бөлісу:
Талдықорғанда патриоттар шеруі өтті
Фото: Жеңіс Ысқабай

4 маусым - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Жастар» саябағындағы Мемлекеттік Ту тұғырдың жанында «Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» атты патриоттық  акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған шара барысында Мемлекеттік Ту және Мемлекеттік Елтаңба ұстаған  еліміздің рәміздерін Әлемдік аренада желбіретіп, Тәуелсіз Қазақстан Республикасын төрткүл дүниеге  паш етіп жүрген нағыз патриоттарымыз қала көшелерімен «Патриоттар шеруінде» жүріп өтті.

Талдықорғанда патриоттар шеруі өтті

Шеруге спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының, Әлем чемпионаттарының, Халықаралық жарыстардың жүлдегерлері, «Ұлы дала жорығы» марафон – бәйгесінің жеңімпаздары, мәдениет қайраткерлері, өнерпаздар, белсенді жастар, волонтерлер, қоғамдық ұйымдар, «Жас сарбаз» кадет сыныптарының белсенділері қатысты. 

Шеруге қатысушылар Мемлекеттік Ту тұғырдың жанындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезгілде орындау акциясына келіп қосылды. 
Іс-шараға қатысушылар бір мезгілде Мемлекеттік Гимнді орындады. Соңынан патриоттық әндер шырқалды.

Талдықорғанда патриоттар шеруі өтті
Өзгелердің жаңалығы