Талдықорғанда оқушы қызды бірнеше жасөспірім жабылып ұрып-соқты: Оқиғаға Білім басқармасы пікір білдірді

10 Қаңтар 2023, 12:52
3900
Бөлісу:
Талдықорғанда оқушы қызды бірнеше жасөспірім жабылып ұрып-соқты: Оқиғаға Білім басқармасы пікір білдірді

Әлеуметтік желіде оқушы қызды жасөспірімдердің ұрып-соғып жатқан видеосы таралған болатын. Оқиға Талдықорған қаласында болған. Жетісу облысының Білім басқармасы аталған мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыс әкімдігі білім басқармасының, құқық қорғау органдарының, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды. Олар қыздардың  оқитын оқу орындарының тәрбие жұмысына тексеру жүргізеді. Жәбірленген қызға барлық қажетті психологиялық көмек көрсетілуде. Бұдан басқа,  күш қолданған қыздарды одан әрі оқыту мәселесі қаралатын болады, - делінген хабарламада.

Бұл оқиға Талдықорғанның пәтерлерінің бірінде сабақтан тыс уақытта болған. Қазіргі уақытта осы факт бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Бұған дейін Жетісу облысының Полиция департаменті өкілдері видеоға қатысты түсінік бергенін жазған едік. 

Жетісу облысының Полиция департаменті өкілдерінің сөзінше, видео 9 қаңтарда Талдықорғандағы Самал ықшамауданындағы пәтерлердің бірінде түсірілген. Оқиғаға қатысты барлық адам анықталған.

 

Өзгелердің жаңалығы