Талдықорғанда имамды соққыға жыққан азамат ұсталды

2 Шілде 2022, 14:05
1663
Бөлісу:
Талдықорғанда имамды соққыға жыққан азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда деструктивті діни ағымның жақтаушысы мешітте имамды соққыға жыққан. Ол жеті тәулікке қамауға алынды.

Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Маусым айының басында мешіт имамында діни рәсім кезінде деструктивті ағымды жақтаушылар тобымен оқиға орын алған. Қақтығыс рәсім аяқталғаннан кейін мешіт аумағында жалғасты. Ауызша сөзге келіп қалған ерлердің бірі жұдырық ала жүгіріп, дін қызметкерін соққыға жыққан, - деп мәлімдеді  Алматы облысының Полиция Департаменті.

Полиция шабуыл жасаған адамды ұстады. Ол 33 жастағы діни деструктивті ағымды ұстанушы болып шықты. ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша іс қозғалып (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) сотқа қарау үшін жолданды. Ер адам жеті тәулікке қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы