Талдықорғанда екі автокөлік мұз астына түсіп кеткен

Бүгiн, 06:15
177
Бөлісу:
Талдықорғанда екі автокөлік мұз астына түсіп кеткен
Фото: видеодан кадр

Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері 5 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Талдықорған қаласынан 5 км қашықтықта, демалыс орны маңында өзен арқылы өту кезінде екі жеңіл автокөлік жартылай мұз астына түсіп кеткен.

ТЖМ жедел-құтқару жасағының күшімен көліктер Балықты өзенінің сағасынан жағаға шығарылды. Барлығы 5 адам құтқарылды, медициналық көмек қажет болмады, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

ТЖМ мұз үстімен жүрудің қауіпті екенін ескертеді және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы