Талдықорғанда бірнеше үй карантинге жабылды

16 Мамыр 2020, 13:23
1439
Бөлісу:
Талдықорғанда бірнеше үй карантинге жабылды

Алматы, BAQ.KZ. Талдықорған қаласында коронавирус ошақтары анықталып, карантинге алынды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Талдықорған қаласының мемлекеттік бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес коронавирус анықталған үйлер карантинге алынды. 

Індет ошағы ретінде Достық шағын ауданындағы 25-үй, Қабылиса жырау 211 Е үйдің 4-подъезі және Сланов көшесі 76 үйлердің тізімі берілді. Аталған мекенжайлар 16 мамырдан 29 мамырға дейін карантинде болады. Олардың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - делінген хабарламада. 

Айта кетсек, Алматы облысында коронавируспен ауырған 201 адам тіркелген, соның 7-уі  Талдықорған қаласында анықталған.

Өзгелердің жаңалығы