Талдықорғанда 5 жасар қызын қауіпті жағдайда тасымалдаған әке жауапқа тартылды

Полиция ата-аналар мен жүргізушілерге балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды ескертті.

 скрин 6 Қазан 2026, 23:15
6 Қазан 2026, 23:15
216
Фото: скрин

Талдықорғанда полиция қызметкерлері 5 жасар қызын қауіпті жағдайда тасымалдаған әкені жауапқа тартты.

Оқиға қалалық бейнебақылау камералары арқылы анықталған. Кадрларда 31 жастағы жүргізушінің Changan X5 Plus көлігін басқарып келе жатып, бес жасар қызын көліктің жоғарғы бөлігіндегі ашық қуыстан сыртқа шығарып қойғаны көрінеді. Баланың денесі беліне дейін көліктің сыртында болған.

Полиция бұл әрекетті бала өміріне қауіп төндіретін жағдай деп бағалап, жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, балаларды көлікте тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді.

Полиция ата-аналар мен жүргізушілерге балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды ескертті. Мамандардың айтуынша, көлік қозғалысы кезінде баланы арнайы қауіпсіздік құралдарынсыз немесе көліктің сыртқы бөлігінен тасымалдауға болмайды.

Наверх