Талдықорғанда 20 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

25 Мамыр 2023, 01:40
716
Бөлісу:
Талдықорғанда 20 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті
Фото: inbusiness.kz

Талдықорғанда 50 жастағы ер адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай Абылай хан көшесінде орын алған.

BMW маркалы көліктің тізгінінде Талдықорған қаласының 20 жастағы тұрғыны болған. Ол рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, - деп жазылған хабарламада.

Жол-көлік оқиғасына сәйкес, сараптама тағайындалған.

Тәртіп сақшылары жыл басынан бері өңірде жаяу жүргіншілердің қатысы бар 52 жол-көлік оқиғасы болғанын мәлім етті. Олардың ішінде, 10 адам көз жұмып, 44-і түрлі дене жарақатын алған.

Өзгелердің жаңалығы