Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорған қаласының Өтенай ауылдық округінен 12-13 шақырым қашықтағы Қаратал өзенінің жағасынан белгісіз зат табылды.
Бұл туралы Алматы облысы Экология департаментіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Лучкин А. есімді азамат Алматы облысына келіп, белгісіз затты байқап, видео түсірген. Ол видеожазбаны 27 маусымда облыстық экология департаментіне тапсырған. Содан кейін департаменттегілер өзен жағасын тексеруге шыққан.
Зертханалық және аналитикалық мониторинг бөлімінің мамандары Қаратал өзенінің жағалауынан су сынамасын алды. Сұйықтық мұнайға ұқсас зат сияқты көрінді
Полициямен бірлесіп, қылмыскерді анықтау мақсатында жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр.