Жол апаты 8 қыркүйекте таңертең Ескелді ауданында орын алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ВАЗ-2109 көлігінің 35 жастағы жүргізуші локомотивтің жақындап келе жатқанына қарамастан теміржолдан өтпекші болған. Бірақ машина дер кезінде өтіп үлгере алмаған. Көлік алған соққыдан 15-20 метрге ұшып кетті.
Көліктегі үш адам да түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жатқызылды.