Талдықорған маңайындағы ауылдарға жедел жәрдем бара алмайды

Кеше, 20:02
545
Бөлісу:
Талдықорған маңайындағы ауылдарға жедел жәрдем бара алмайды
Фото: автордан

Талдықорған іргесіндегі “Ынтымақ” ауылындағы Зере көшесін, 121, 123 үйлер маңайын батпақ басқан. Соның салдарынан жедел-жәрдем көлігі батпаққа батқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жыл сайын көктемнің келісімен, Талдықорған маңайындағы ауылдарды, жолы салынбаған елді-мекендерді батпақ басып, адам жүргісіз үлкен лайға айналады. Ынтымақ ауылының жолы тек жергілікті емес, өңірлік деңгейде қаралуы тиіс күрделі мәселе халықтың күнделікті өмірін қиындатып отыр. Жол жөндеу мәселесі шешілмесе, ауылдағы әлеуметтік жағдай да нашарлай береді. Медициналық жедел көмекке жүгінген күннің өзінде, діттеген мекенжайға жету қиындық туғызады.

Талдықорған маңайындағы ауылдарға жедел жәрдем бара алмайды

Көктем келсе, көшелерде жеңіл көлік тұрмақ, жедел жәрдем де діттеген жеріне жете алмай әлек болады. Құмға батқандай тұрып қалған көліктердің дөңгелегі бос айналып, жүргізушілер әуреге түседі. Ал жаяу жүргіншілер әр қадамын аңдап баспаса, белшесінен балшыққа батып кетеді. Балалар мектепке жеткенше аяқ киімдері суға малынып, үлкендер жұмысқа лайланып барады. Көмекке асыққан жедел жәрдем де лайға малтығып, шақыртуға кешігіп жатады. Біз жыл сайын осы қиындыққа тап боламыз, бірақ жағдай еш өзгерер емес, - дейді қала тұрғыны Жанар Амантай.

Талдықорған маңайындағы ауылдарға жедел жәрдем бара алмайды

Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарының айтуынша, қазіргі уақытта инженерлік кәріз жүйелерін төсеу жұмыстары аяқталған соң, жол құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу жоспарланған. 

Талдықорған маңайындағы ауылдарға жедел жәрдем бара алмайды

Егер биыл бюджеттен қаражат бөлінсе, құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтеді. Кейіннен құрылыс-монтаж жұмыстарына қажетті қаражат сұралып, жол жөндеу жұмыстары 2025-2026 жылдары жүргізілуі мүмкін.

Ақмарал ҚАЙРАТ

Өзгелердің жаңалығы