Талдықорғанда екі адамнан құны 44 миллион теңгені құрайтын есірткі тәркіленді

28 Наурыз 2021, 04:45
1919
Бөлісу:
Талдықорғанда екі адамнан құны 44 миллион теңгені құрайтын есірткі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда есірткі сатумен айналысқан 25 және 27 жастағы екі азамат ұсталды. Полиция қызметкерлері олардан 16 мың дана синтетикалық қоспа тәркілеген.

Тінту кезінде салмағы бір килограмға жуық 16 мың доза түрлі синтетикалық есірткі заттары табылды. «Қара нарықта» олардың құны 44 миллионнан астам теңгені құраған болар еді, – деді Алматы облысы ДПБ ДБ басшысы Қазбек Мұхамедов.

Барлық алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.

  Сонымен қатар ұсталғандардың пәтерінен синтетикалық заттарды орауға арналған құралдар табылды.
Өзгелердің жаңалығы