Көпбалалы отбасыларға 1000 тоннаға жуық көмір таратылды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорған қаласының&nbsp;мешіт имамдары және&nbsp;"Жақсылыққа жарысайық"&nbsp;еріктілер тобының ұйытқы болуымен қаладағы көпбалалы отбасыларға 1000 тоннаға жуық көмір&nbsp;таратылды, деп жазады Muftyat.kz.</h4>

 5 Ақпан 2020 2020, 21:10
5 Ақпан 2020 2020, 21:10
1847

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорған қаласының мешіт имамдары және "Жақсылыққа жарысайық" еріктілер тобының ұйытқы болуымен қаладағы көпбалалы отбасыларға 1000 тоннаға жуық көмір таратылды, деп жазады Muftyat.kz.

Игі шараға жомарт кәсіпкерлер қаржылай демеушілік көрсетті. Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың тізімін жасауға Талдықорған өңірінің имамдары атсалысты. Осылайша сапасы жақсы "Шұбаркөл" көмірі көпбалалы отбасыларға тегін таратылды. Мұндай қайырымдылық шарасы мешіт жамағатының қатысуымен алдағы уақытта да жалғасады, - дейді еріктілер.

Наверх