Талдықорғанда ер адам қызметтесін атып өлтірді

4 Ақпан 2020, 10:51
1636
Бөлісу:
Талдықорғанда ер адам қызметтесін атып өлтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері 38 жастағы Талдықорған қаласының тұрғынын қызметтесін атып өлітірді деген күдік бойынша ұстады.

Оқиға былтыр 24 желтоқсанда кешкі уақытта "Қаратал" шағынауданында болған. Полицияға көшеде ер адамның денесі табылғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.

Қаза болған ер адам Талдықорғанға жақын маңдағы әсери бөлімде қызмет еткен. 

Талдықорған қаласының полицейлері аталған факті бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша ("Адам өлтіру") қылмыстық іс қозғады.

Тергеу жүргізу барасында қаза болған адамға қатысы бар барлық адамнан жауап алынды. Тергеу барасында сот-медициналық, баллистикалық сараптама жасалды. Солардың арқасында күдіктіні анықтауға мүмкіндік туды. Ол қаза болған адаммен қызметтес адам болып шықты. Қазіргі уақытта ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Талдықорған қаласы полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Қылмысқа қатысы бар қару Қаратал өзенінің түбінен табылған. Ол тергеу ісіне материалдық айғақ ретінде тіркелді, - деді баспасөз қызметінде.


Өзгелердің жаңалығы