Талдықорғанда ауа сапасы нашарлайды

10 Наурыз 2020, 08:33
1314
Бөлісу:
Талдықорғанда ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 наурыз күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы жақсы болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазгидрометтің мәліметінше, Талдықорған қаласында ғана жайсыз метеожағдай қалыптасады. Еліміздің басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Өзгелердің жаңалығы