Талантты оқушыларға берілетін 6 млн теңге өсіп отырады – Аймағамбетов

Бүгiн, 13:21
490
Бөлісу:
Талантты оқушыларға берілетін 6 млн теңге өсіп отырады – Аймағамбетов
Фото: автордан

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов талантты оқушыларға берілетін 6 млн теңгеге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аймағамбетов Мәжілісте талқыланған заң жобасы Мемлекет басшысының дарынды жастарды қолдау жөніндегі тапсырмасы аясында іске асып жатқан маңызды шара екенін айтады.

Мемлекет басшысы тапсырма берген кезде халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары бойынша заңға өзгеріс енгізуді тапсырды. Оларға бір мезгілдік сыйақы беріле бастады. Заңда сыйақы мөлшерін Оқу-ағарту министрлігі бекітеді делінді. Сол кезде Үкіметте жұмыс істеп жүрген едім. Қаржы министрлігімен келісе отырып, арнайы межені бекіттік. Ол айлық есептік көрсеткішке байланғаннан соң, жыл сайын өсіп отыр. Мәселен, биыл халықаралық ғылыми жарыстан бірінші орын алатын болса, 6 миллионға жуық қаражат алады. Әрине, бұл алдымен қаржылық көмек, екіншіден моральдық тұрғыда жәрдем деп білемін, - дейді Асхат Қанатұлы Мәжіліс кулуарында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов білім беру саласында қандай өзгерістер болатынын, кітапханаларға табыс табу құқығы берілетінін және енді жоғары сынып оқушылары дайын маман атанатынын айтты.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов енді кімдер білім грантын өтемейтінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы