Талантты химик – қазақстандық студент Мәскеудегі жатақханада қайтыс болды

26 Ақпан 2019, 16:27
2154
Бөлісу:
Талантты химик – қазақстандық студент Мәскеудегі жатақханада қайтыс болды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Темірлан – өте талантты химик болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда ол өзін-өзі өлтіруі мүмкін. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында мәлімдеді.

«25 ақпанда М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жатақханасында сағат 18.00-де аталған университеттің 5-курс студенті 1995 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы Темірлан Кирибаевтың денесі табылды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда ол тұншығудан қайтыс болған. Кирибаевтың өліміне байланысты Мәскеу қаласының Батыс әкімшілік округі тергеу басқармасының Никулинский ауданаралық тергеу бөлімі сотқа дейінгі тексерісті бастады. Ол жатақханадағы бөлмесінің есігіне галстукты байлап қайтыс болуы мүмкін. Қазір тексеру жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалған жоқ. Оның денесін курстастары тауып алған деген ақпарат бар. Полиция өкілдерінің айтуынша, оның денесі табылғанға дейін 10-12 сағат бұрын қайтыс болған», - деді Смадияров.

Айтуынша, тексеру аяқталғаннан кейін Темірланның денесі туыстарына беріледі. 

«Бүгін – 26 ақпанда Қазақстан елшілігі Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне ресми түрде хабарласып, бұл істі бақылауға алуды және жан-жақты қолғабыс көрсетуді сұрады. Қазіргі уақытта Темірланның ата-анасы біздің консулдармен бірге Мәскеу қаласының Никулинский ауданаралық тергеу бөлімінде. Оның алдында олар аталған  университеттің басшылығымен кездесті. Барлық қажетті тергеу іс-шараларын, соның ішінде сот-медициналық сараптамадан кейін қайтыс болған студенттің денесі туыстарына беріледі», - деді ресми өкіл.

Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін тағы қосымша ақпарат таратылады.

Рахиля Бекназарқызы

 

 

Өзгелердің жаңалығы