Таксопарктер мүгедектігі бар адамдарға бейімделген таксимен қамтамасыз етіледі

27 Сәуір 2022, 10:45
1285
Бөлісу:
Таксопарктер мүгедектігі бар адамдарға бейімделген таксимен қамтамасыз етіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Таксопарктер мүгедектігі бар адамдарға бейімделген таксимен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев айтты.

Депутат Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы бірінші оқылымда таныстырды.

Заң жобасында таксопарктер әрбір 10 таксиге мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген бір таксиді қамтамасыз етуі тиіс деген түзетулер енгізіліп отыр. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес таксопарктер әрбір отызыншы такси көлігіне мүгедектігі бар адамдарға бейімделген бір таксиді қамтамасыз етуі тиіс, - дейді депутат.

Оның сөзінше, бұл норма мүгедектігі бар адамдарға тиімді жағдай жасауға бағытталған.

Оған қоса, тұрақты маршруттар үшін мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға бейімделген автобустарды сатып алу бойынша өзгертулер енгізілген, - деп түсіндірді Елнұр Бейсенбаев Мәжлісте.

Өзгелердің жаңалығы