Таиландта жылдам қайықтағы өрттен 20 адам жапа шекті

21 Шілде 2022, 21:25
1274
Бөлісу:
Таиландта жылдам қайықтағы өрттен 20 адам жапа шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиланд шығанағында қозғалтқышы жарылып, өртенген қайықта 20 адам зардап шекті.

Тайландтың «Матичон» газетінің хабарлауынша, апат 20 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша 14:30 шамасында кеме Таиландтың оңтүстігіндегі Чумфон провинциясынан шығып, Кох Тао аралына бет алған кезде орын алды.

Барлығы 18 жолаушы мен екі экипаж мүшесі құтқарылып, жергілікті ауруханаларға жеткізілді.

Хабарламада екі адамның ауыр жарақат алғаны, қалғандарының негізінен жеңіл жарақат алғаны айтылған.

Chumphon Charity Welfare Foundation жергілікті құтқару қызметі Facebook парақшасында оқиғаның себептерін тергеуді бастағанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы