Таиландта туристер мінген автобус 15 метр биіктіктен құлады

Бүгiн, 05:16
161
Бөлісу:
Таиландта туристер мінген автобус 15 метр биіктіктен құлады
Фото: brighttv

Таиландта туристер мінген автобус жолдан шығып кетіп, тауға қарай құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

BrightTV ұсынған деректерге сүйенсек, жол апаты Пхукеттегі Карон-Патонг асуында болған.

Автобус салонында Ресей, Германия және Қытайдан келген туристердің отырғаны айтылды.

Туристер мінген автобус экскурсиядан келе жатқан. Автобус жүргізушісі рульді басқара алмай, қонақүйге жақын маңда тас жолдан шығып кеткен. Бізге оқиға куәгерлері айтқан ақпаратқа сәйкес, құтқарушылар автобустағы адамдарды тау арқылы түсірген, - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасынан тоғыз адам зардап шекті. Оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы