Таиландта соңғы 30 жылда болмаған су тасқыны басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Thai Enquirer басылымының мәліметінше, ел билігі табиғи курорттық Пхукетке жетеді деп алаңдаулы.
Су тасқынына Сиам шығанағының жағалауында толассыз жауған нөсер жаңбыр себеп болып отыр. Жергілікті тұрғындар қауіпсіз аудандарға бару үшін үйлерін тастап қашуда.
Қатты нөсер 16 округті басып, 100 мыңнан астам адам баспанасыз қалды, - делінген хабарламада.
Билік тұрғындарға шұғыл көмек көрсетіп, қауіпсіздікті сақтауға шақыруда. Елдегі жағдай тек жаңбыр басылған соң жақсарады деп болжанды.
Сондай-ақ үкімет зардап шеккен аудандарға төрт министрді жіберген. Сәйкес агенттіктер жағдай түзелгенге дейін азық-түлік, баспана, медициналық және қаржылай көмек ұсынуда.