Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Таиландта қазақстандық туристер болған қайық өртеніп кетті

1 Сәуір 2025, 20:46
1620
Бөлісу:
 facebook.com/phuketinfocenter
Фото: facebook.com/phuketinfocenter

Таиландта қайық өртеніп, қазақстандықтардың паспорты жанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиғаға қатысты Қазақстанның Сыртқа істер министрлі мәлімдеме жасады.

Катердегі жолаушылардың арасында Қазақстанның 4 азаматы болды. Олардың барлығы дін-аман, Таиландта демалыстарын жалғастыру туралы шешім қабылдады. Екі азаматтың паспорттары өртеніп кетті. Ертең консул оларға уақытша құжаттарды ресімдеп, сонымен Қазақстанға орала алады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Таиландта Қазақстанның туристері мінген қайық жарылып, түгі қалмай жанып кеткен еді.

Өзгелердің жаңалығы