Таиландта мектеп автобусы өртеніп, 25 адам қаза тапты

Бүгiн, 05:22
116
Бөлісу:
Таиландта мектеп автобусы өртеніп, 25 адам қаза тапты
Фото: pixabay.com

Таиландта мектеп автобусы өртке оранып, 25 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

NBC News таратқан ақпаратқа сәйкес, оқушылар мен мұғалімдерді экскурсияға апара жатқан автокөлік Бангкок маңайында өртеніп кеткен. Ел үкіметі 25 адамның қайтыс болып, 16 жолаушының ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.

Көлік министрі Сурья Джуангрунгруангкит 16 оқушы мен үш мұғалім ауруханаға ем алуға жіберілген. Оқиғаның себебін тергеу жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы