Таиландта індет басталғаннан бері алғаш рет COVID-19 оқиғасы анықталған жоқ

13 Мамыр 2020, 13:44
1931
Бөлісу:
Таиландта індет басталғаннан бері алғаш рет COVID-19 оқиғасы анықталған жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиландта індет басталғаннан бері алғаш рет коронавирусты жұқтырудың бірде-бір жаңа оқиғасы анықталған жоқ. Бір тәулік ішінде инфекция салдарынан қайтыс болғандар да тіркелмеді, деп хабарлады Таиландтың коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі орталығы. 


Бүгін Таиландта жұқтырудың бірде-бір оқиғасы тіркелген жоқ, бұндай жағдай пандемия басталғаннан бері алғаш рет болып отыр. Сондай – ақ, өткен тәулікте инфекциядан өлім тіркелген жоқ, - делінген орталық мәліметте.

Таиландта пандемия басталғаннан бері ауырғандардың жалпы саны бұрынғыдай 3017 адам, коронавирус  инфекциясынан қайтыс болғандардың жалпы саны 56 адам, 2 844 адам толық сауығып кеткен.
Күннің тағы бір жақсы жаңалығы - ауруханаларда емделуде тек 117 адам ғана қалады, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы