Таиландта «дельта» штамын жұқтырғандар көбейді

30 Шілде 2021, 06:26
1032
Бөлісу:
Таиландта «дельта» штамын жұқтырғандар көбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бангкокта COVID-19 вирусы «дельта» штамының таралуына байланысты коронавирусқа шалдығушылар саны артып, төсек-орын жетіспеушілігі орын алуда. Бұл туралы еліміздегі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Таиланд Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету департаменті директорының айтуынша, ірі ауруханалардағы барлық интенсивиті терапия бөлімшелері науқастарға лық толы.

Финляндия билігі 31 шілдеден бастап қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне күшейтілген шектеу енгізуде. Жұмыс уақыты мен алкогольді сату уақытына, сонымен қатар үй-жайға келушілер санына да бірқатар шектеулер белгіленуде.

Таиландта коронавирус жұқтырудың күнделікті өсімі тіркелді – 17 669 жағдай, сондай-ақ COVID-19 салдарынан қайтыс болғандардың саны 165-ке жетіп, антирекордтық көрсеткіш жаңарды. Сонымен қатар Токиода үшінші күн қатарынан коронавирустық инфекциялардың тәуліктік көрсеткіші өсті, 3 865 жағдай расталды.

Өзгелердің жаңалығы