Таиландқа бармақ болған қызды туроператор тақырға отырғызды

Кеше, 00:39
1118
Бөлісу:
Таиландқа бармақ болған қызды туроператор тақырға отырғызды
Фото: архив

Таиландқа арзан туристік жолдама ұсынып, жарнама жасаған алаяқтар павлодарлық қыздың 500 мың теңгесін қолды қылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алаяқтар Instagram желісінде Таиландқа арзан бағамен туристік сапар ұсынған. Қыз жалған жарнамаға сеніп, алдын ала төлем ретінде 250 мың теңге аударып жіберген.

Ал алаяқтар кейіннен сақтандыру үшін тағы да 250 мың теңге төлеу қажеттігін айтып, қалған қаражатты аударуды сұраған. Артынан «туроператор» байланысқа шықпай қойған. Сол кезде ғана қыз алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полициядан көмек сұраған, – деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.

Тәртіп сақшылары азаматтарға жеке карталарға ақша аудармауды ескертеді. Ресми туристік фирмалар тек есеп айырысу шоттары арқылы жұмыс істейді. Сондықтан ең әуелі туроператор туралы көпшіліктің пікірлерін қарап, компанияның шолу сайттарын тексеру керегін ескертті.

Жолдамалардың бағаны салыстырып, алдын ала мәліметтерді нақтылау қажет. Ал алаяқтардың құрбаны болған жағдайда аударымды бұғаттау үшін төлем чектерінің және хат-хабарлардың скриншоттарын дереу полицияға апарып көрсету керек.

Өзгелердің жаңалығы