Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Таиланд пен Камбоджа соғысты уақытша тоқтатады: АҚШ араағайындықта жүр

27 Шілде 2025, 08:18
645
Бөлісу:
 depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Таиланд пен Камбоджа қарулы күштері толассыз жауған жаңбырға байланысты шекаралас аудандардағы соғыс қимылдарын уақытша тоқтатты. Дегенмен екі жақ та бұрынғысынша өз позицияларын ұстанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ The Nation басылымына сілтеме жасап.

Дональд Трамп болса, Truth әлеуметтік желісінде Камбоджаның да, Таиландтың да басшылығымен сөйлескенін хабарлады. Ол елдер келіссөздерге дайын деп сендірді.

Екі тарап та тез арада атысты тоқтату мен бейбітшілікті қалайды. Сондай-ақ олар АҚШ-пен сауда келіссөздеріне қайта оралғысы келеді, біз соғыс тоқтамайынша бұл мүмкін емес деп санаймыз. Олар дереу кездесіп, атысты тоқтату және ақырында бейбітшілік орнату туралы келіссөздер жүргізуге келісті (...) Бұл орындалған кезде, мен екі елмен сауда қарым-қатынастарын жалғастыруды асыға күтемін! – деп жазды АҚШ президенті.

Бұған дейін Камбоджа мен Таиланд арасындағы өзара атыс танымал демалыс орындары орналасқан теңіз жағалауына жақындағанын хабарлаған едік.

Өзгелердің жаңалығы