Тағы той. Тағы кортеж. Таразда 4 жүргізуші айыппұл арқалады

2 Сәуір 2021, 10:53
1891
Бөлісу:
Тағы той. Тағы кортеж. Таразда 4 жүргізуші айыппұл арқалады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласының Полиция басқармасы жедел басқару орталығының сыртқы бақылау камералары той кортежі құрамында автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркеді.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы кортеждің 4 жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 5 хаттама толтырылды. «LADA 211440» маркалы автомобильдің жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 606-бабы 1-бөлігі (Жол жүрісіне қатысушының жол жүрісі қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соғуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, «AUDI А6» жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің   600-бабы 1-бөлігі (Жол жүрісі қағидаларының жаяу жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тағы бір жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабының 3-бөлігін (Жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамау) бұзғаны үшін айыппұл төлейді, өйткені оның жолаушылары көлік терезелерінен шығып отырған. «MERCEDES-BENZ E 350» маркалы көлік құралының жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабы 1-бөлігі (маневр жасау қағидаларын бұзу) және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы 1-бөлігі (Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігінің таңбаларымен ұйғарылған талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері «MERCEDES», «ВАЗ 21074» және «TOYOTA» маркалы автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркеді, олар бұрылған кезде қос тұтас желіні кесіп өтті. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 3-бөлігі (Егер жол жүру ережелерінде тыйым салынған, оның ішінде бұрылыспен немесе бұрылыспен ұштасқан жағдайларда жолдың жүру бөлігінің қарсы жүруге арналған жағына шығу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Осы құқық бұзушылықты жасау алты ай мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.


«ВАЗ 21144» және «BMW» маркалы көлік құралдарының жүргізушілері алдыңғы-бүйірлік шыныларында тонировкасы бар автомашиналарды басқарды және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 5-бөлімінің 590-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп бұзушылар бес айлық есептік көрсеткіш (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Тараз қаласының Полиция басқармасы жедел басқару орталығының сыртқы бақылау камералары тәулік бойы жұмыс істейтінін, ал жедел басқару орталығының қызметкерлері құқық бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде анықтайтынын еске салады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы