Тағы да ұшақ апаты болды: Толықтай өртеніп кеткен

Бүгiн, 13:51
323
Бөлісу:
Тағы да ұшақ апаты болды: Толықтай өртеніп кеткен
Фото: pixabay.com

Швейцарияның оңтүсік-шығысындағы Альпі тауларының баурайында шағын ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ Данияға бағыт алған. Extra EA-400 әуе кемесі Самедан ауылынан ұшып шыққан. Апат ұшақ көкке көтерілгеннен кейін, екі минуттан соң Ла-Пунт-Чамуэшч ауылының маңында болған. Ұшақ толықтай өртеніп кетті.

Қаза тапқандардың аты-жөні әлі анықталған жоқ. Ұшақ апатының себебі әзірге белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы