Тағы да Эбола: ДДСҰ дабыл қақты

Бүгiн, 08:56
157
Бөлісу:
Тағы да Эбола: ДДСҰ дабыл қақты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

Марбург вирусы тудырған аурудың белең алуынан Танзанияда сегіз адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елдің солтүстігіндегі Кагер өңірінің екі округінде Эбола қызбасына ұқсайтын вирустың тарап жатқанын айтып, дабыл қақты. Белгілі болғандай, індеттен сегіз адам көз жұмған. Қазір Танзания мен оған көрші мемлекеттерге қауіп төніп тұрғаны айтылуда.

Аурудың симптомдарына бас ауруы, дене қызуының жоғарылауы, арқадағы ауырсыну, іш өту, қан құсу, әлсіздік, сондай-ақ ауру асқынған жағдайда қан кету кіреді.

MVD ауруының таралуы туралы хабарлама оның географиялық тұрғыда таралуын меңзейді. Ауруды анықтаудың кешігуі мен адамдарды оқшаулаудың болмауы індеттің таралуына қатысты толық ақпараттың жоқтығын білдіріп отыр. Індет әрі қарай асқынуы әбден мүмкін, - деп мәлімдеді ДДСҰ.

Құжатта сондай-ақ 89%-ға дейін өлім-жітімнің бірден жоғарылауы, оның ішінде денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің ауруды жұқтыруы ықтималдылығының артуы айтылған. Бұл – вирустың медициналық мекемелерге дейін жеткенінің дәлелі.

Марбург вирусының таралуынан әдетте 24%-дан 88%-ға дейін өлім-жітім тіркеледі. Індет пациент вирусқа сынама тапсырғаннан кейін 42 күн өткенде жоғалуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы