Қазақстандық волейболшы, қазіргі таңда индонезиялық "Yogya Falcons" командасының ойыншысы Сәбина Алтынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Спортшы ана болудың шексіз бақыт екендігін, болашақта тағы да сәбилі болғысы келетінін айтып, ағынан жарылды.
Балалар – шексіз бақыт. Қуана-қуана тағы да 5 бала туғым келеді. Олардың әпкесі секілді көрінуге тырысамын, - деп жазды волейболшы.

Айта кетерлігі, Сәбина Алтынбекова былтыр қазан айында индонезиялық "Yogya Falcons" клубымен келісімшартқа отырды. Желтоқсан айында команданың капитаны атанды.