Маңғыстау облысында 2 ардагер Жеңістің 80 жылдығына орай 5 млн теңгеден төлем алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге қандай төлем берілетіні жайлы редакциямызға айтып берді.
Мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өңірде Екінші дүниежүзілік соғысының 2 ардагері бар.
Биыл әкімдік Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге жергілікті бюджеттен 5 млн теңгеден төлемдер жоспарлап отыр. Жеңіс күніне орай Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлеріне теңестірілген 100 ардагерге – 60 АЕК (235 920 теңге) төлемдер қарастырылған, - деп жауап берді басқарма басшысының міндетін атқарушы Азамат Төлеуов.
Бұған дейін Ақмола облысының және Түркістан облысының ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына орай 5 млн теңгеден төлем алатынын жаздық.