Алматы, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Сыдымановтың жаңа қаулысы шықты.
Қаулыға сәйке 20 шілде сағат 00.00-ден 2020 жылғы 3 тамыз сағат 00.00-ге дейін қатаң шектеу шаралары енгізіледі.
Әкімдік таратқан материалда төмендегідей шектеулер қарастырылған:
1) қалааралық автобус тасымалдарын тоқтату;
2) қала маңындағы және қалалық қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылсын;
3) жеке көлікпен және таксимен жүруге рұқсат етілсін;
4) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымда жиналыстар, кеңестер, конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер, көрмелер, тренингтер, оқыту курстарын және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу рәсімдері т.б.), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, соның ішінде ашық ауада өткізуге тыйым салу;
5) мәдениет объектілерінің, мұражайлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салу;
6) 65 жастан асқан адамдардың қозғалысын шектеу;
7) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілерінсіз саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың басқа да демалыс орындарына баруға рұқсат беру;
8) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар, барлар) қызметіне тек "үйге жеткізу" қағидаты бойынша сағат 10.00 ден сағат 21:00 аралығында ғана рұқсат беру;
9) ашық ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілеріне (жазғы алаңдарда) тыйым салынсын;
10) СПА-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, аквапарктердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсететін массаж кабинеттерінің қызметіне тыйым салу;
Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтарына:
1) жұмыс және қоғамдық орындарда (сауда объектілері, көшелер, саябақтар, әуежай және т. б.), қоғамдық көлікте маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтау;
2) адамдарды шақыруға және көп жинауға байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салу (туған күндер, мерейтойлар, тойлар, еске алу және т.б.).
Осы қаулы 2020 жылғы 20 шілдеде 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.