Тағы бір министр Үкіметтегі орнын сақтап қалды

6 Ақпан 2024, 16:08
849
Бөлісу:
Тағы бір министр Үкіметтегі орнын сақтап қалды
Фото: gov.kz

Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Құйған ауылында дүниеге келген. 1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.

Қызмет жолы:

1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы ІІБ ауданаралық жедел-іздестіру бөлімінің жедел уәкілі.

1994 жылы ШҚО ІІБ жедел-іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілі болып тағайындалды.

1995 – 1996 жылдар аралығында ШҚО Өскемен қаласы ІІБ жедел-іздестіру бөлімі жанындағы автокөлікті ұрлау және айдап әкетуге қарсы күрес бөлімшенің бастығы болды.

01.01.1996 - 19.03.1996 мерзімдері аралығында ШҚО Өскемен қ. қылмыстық іздестіру бөлімі мүліктік және нашақорлық қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы лауазымында болды.

1997 – 1998 жылдары ШҚО ІІБ жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу басқармасы іздестіру бөліміне басшылық етті.

1998 жылы ақпан айында ШҚО ІІБ аса қауіпті қылмыстарға қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

01.07.1998 - 17.02.2000 мерзімі аралығында ШҚО ІІБ аса маңызды істер жөніндегі бөлімнің бастығы.

2000 жылы ШҚО ІІБ Зайсан ауданы ІІО бастығы лауазымына тағайындалды.

2004-2006 жылдары ШҚО ҚІІБ Тарбағатай ауданына ІІО басшылық етті.

2006 жылдың қыркүйек айында ШҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы бастығы лауазымына тағайындалды.

2008-2009 жылдары ШҚО ІІД Риддер қ. ІІО бастығы.

2009 жылдың мамыр айында ШҚО ІІД Өскемен қ. ІІБ бастығы лауазамына тағайындалды.

2009 жылдың тамыз айында Маңғыстау облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары лауазамына ауыстырылды.

Одан кейінгі қызметтік жолы 2013 жылдан 2015 жылға дейін ҚР ІІМ «Р» Департаментінің бастығы лауазымында өтті.

2015 жылы көліктегі ІІД бастығының міндетін атқарушысы лауазымына тағайындалса, наурыз айында көліктегі ІІД бастығы лауазымына тағайындалды.

2016 жылдың маусым айынан 2019 жылдың сәуір айына дейін Ақмола облысы ПД бастығы.

2019 ж.24.04. - 2022 жылдың 26 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды

2022 жылдың 26 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің орынбасары болды.

2023 жыл 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.) мерейтойлық медальдерімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2013 ж.); ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен (2018 ж.); «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015 ж.) мерейтойлық медалімен марапатталған; ІІО қызметкерлерінің атыс қаруымен марапатталған (2017 жыл)

Бұған дейін Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі лауазымына, ал Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы