Атыраудың әуежайын енді шетелдіктер басқарады, деп жазады BAQ.KZ.
Бұл туралы nehabar телеграм арнасында хабарланды.
Бүгін "АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдау" АҚ компаниясының акцияларын иеліктен алу процедурасы мақұлданды. Оның жаңа иелері Катарда тіркелген компания - QazAir Investments LLC атанды.
Бұған Үкіметтің 2024 жылғы 7 тамыздағы "Стратегиялық нысандарды иеліктен алу туралы" қаулысы дәлел.
Атырау әуежайының қолданыстағы акционерлері - Mağdenli Yer Hizmetleri ve Taşıma A.Ş және "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ өз акцияларын QazAir Investments LLC пайдасына береді, - делінген құжатта.
Олардың әрқайсысына "АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдау" АҚ компаниясының 50%-ы тиесілі болған.
Еске салсақ, былтыр Астана халықаралық әуежайы шетелдік инвестор БАӘ-нің Terminals Holding компаниясымен бірлескен жұмысты бастаған еді. Сол кездегі ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Terminals Holding компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Негізгі мақсат - Астана әуежайын мультимодальді хаб ретінде дамыту, инвестиция құю арқылы ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу жасау, жүк терминалың қуаттылығын және жолаушылар ағынын арттыру.