цифрландыру
-
-
Қазақстанның барлық автожолында мобильді байланыс пайда болмақ
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «Транстелеком» АҚ (ТТС) Қазақстан автожолдарының бойында тұрақты мобильді интернет пен байланысты қамтамасыз ететін телекоммуникациялық инфрақұрылым салу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.01.2026
-
Қазақстанда түркі тілдерін тануға арналған ең ірі ЖИ моделі әзірленді
Қазақстандық Cybernet AI стартапы түркі тілдерін автоматты түрде тануға арналған (ASR) ең ірі модельді ұсынды. Бұл – Орталық Азиядағы алғашқы ауқымды жоба және түркі тілдер тобының ерекшеліктерін ескере отырып, әуелден ағылшынтілді шешімдерге бейімделмей әзірленген толыққанды жасанды интеллект моделі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18.01.2026
-
Жаңа платформа: Қазақстанда ресми түрде IEEE Kazakhstan Section құрылды
Қазақстанда инженерия және жоғары технологиялар саласындағы әлемдегі ең ірі кәсіби ұйым – Электротехника және электроника инженерлері институтының (IEEE) өңірлік бөлімшесі – IEEE Kazakhstan Section құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
17.01.2026
-
Денсаулық сақтау жүйесі толық цифрландырылады: Үкімет ӘМСҚ реформасын бастайды
Үкімет денсаулық сақтау саласындағы қаржылық және әкімшілік процестерді толық цифрландыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қызметін талдау қорытындысы бойынша белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
16.01.2026
-
Отандық әзірлеушілер «ақылды» есептегіш құралдарының желісін кеңейтуде
Цифрландыру және ЖИ жылы: отандық әзірлеушілер «ақылды» есептегіш құралдарының желісін кеңейтіп, дрондар өндірісін бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.01.2026
-
Телефондағы имам: ҚМДБ «Imam AI» қосымшасын іске қосады
ҚМДБ «Imam AI» қосымшасын іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.01.2026
-
Қазақстанда жүргізушісіз такси іске қосылады: Қай қалаларда және қашан?
Қазақстанда басқаруы шартты және жоғары деңгейде автоматтандырылған автокөлік құралдарын кезең-кезеңімен енгізуге арналған пилоттық жобаның бағдарламасы әзірленді. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісінің ресми сауалына жауап берген Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлім етті.
14.01.2026
-
Қытай көліктері қазақстандықтарды бақылап жүр ме?
Қазақстанда кеңінен таралған қытай автокөліктерінің шетелдік серверлер арқылы жұмыс істеуі азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық тудырды.
14.01.2026
-
2025 жылы 276 мыңнан астам қазақстандық жәрдемақыны өтінішсіз алды
2025 жылы Цифрлық отбасы картасы (ЦОК) арқылы 529,6 мың қазақстандық әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде алу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама алды. Оның ішінде 276,2 мыңнан астам азамат жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді өтінішсіз рәсімдеу құқығын пайдаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13.01.2026
-
Елімізде дипфейкке шариғат бойынша тыйым салынды
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы дипфейкке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.01.2026
-
eGov порталынан енді тағы бір анықтаманы онлайн алуға болады
«Smart военкомат» жобасы аясында Қорғаныс министрлігі e-Gov электрондық үкімет порталының «Жеке кабинетінде» азаматтарға арналған жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026
-
Қазақстанда Цифрлық кодекс қабылданды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026
-
Мектептер қазақстандық электронды журналға көшіп жатыр
2025-2026 оқу жылының үшінші тоқсанында Алматы қаласы Білім басқармасының шешімімен қала мектептері BilimClass электронды журналына көшеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.01.2026
-
Цифрлық дәуірдегі әдеп: Достармен ас ішкенде есепті қалай бөліскен дұрыс?
Қазіргі таңда достармен бірге ас ішкенде есепті бөлісу, біреуге кофе алып беру немесе билет ақысын жылдам аудару – күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды. Цифрлық төлемдер бұл процесті жеңілдеткенімен, қарым-қатынасқа қатысты жаңа сұрақтар мен сезімдерді де алға шығарып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Japan today басылымына сілтеме жасап.
08.01.2026
-
ЖИ және жеке деректер: ChatGPT-ге айтуға болмайтын 5 нәрсе
Нейрожелілер күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналуда. Алайда бүгінде деректердің таралып кету қаупі де арта түсті. Мамандар жасанды интеллектіге қандай ақпаратты жүктеуге болмайтынын ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі SlashGear-ге сілтеме жасап.
08.01.2026
-
Ақмола облысы "ақылды АӨК" пен цифрлық қауіпсіздікке көшуде
Президенттің жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Ақмола облысында Ауыл шаруашылыға министрлігімен бірлесіп ауыл шаруашылығы мен қоғамдық қауіпсіздік жүйесіне AI технологиялары енгізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Марат Ахметжанов баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.01.2026
-
2026 жыл ресми түрде "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы" деп жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
06.01.2026
-
AI-дәрігер: Күн сайын 40 миллион адам ChatGPT-ден денсаулық туралы сұрайды
Бүгінгі таңда адамдар денсаулық мәселелері бойынша кеңес алу үшін жасанды интеллектке жүгінуді әдетке айналдыруда. ChatGPT платформасы күн сайын 40 миллионнан астам қолданушының сұрақтарына жауап беріп, виртуалды дәрігер қызметін атқаруда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
Халықтың 99 пайызы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылмақ
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанның толыққанды цифрлық елге айналуы үшін барлық негізгі бағыттар қамтылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
Қазақстан көшелеріне жүргізушісіз такси шығады
Биыл Қазақстанда жүргізушісіз таксиді іске қосу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Жасанды интеллект және цифрлық даму жөніндегі бірінші вице-министр Ростислав Коняшкин мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
Наверх