медицина
-
-
~
Ақмола облысында туберкулезді емдеу мерзімі қысқартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда туберкулезді анықтау, алдын алу және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді және бұл кеселді емдеу тегін жүргізіледі. Ақмола облысында туберкулез дертін емдеу үшін екі миллиардтан астам теңге бөлінеді. Облыста туберкулезді емдеу мерзімі 20 айдан 12 айға дейін қысқарды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыруды қоры» Ақмола облыстық филиалы хабарлады.
09.04.2019
-
~
Қарағандыда онкологиялық науқастарды эндоскопиялық әдіспен емдейтін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда 2020 жылы қатерлі ісіктері бар науқастарды диагностикалауға емдеуге арналған Облыстық эндоскопия орталығы ашылады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
05.04.2019
-
~
Өткен айда МСҚ-ға 8,6 млрд теңгеден астам жарна түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы наурыз айында Медициналық сақтандыру қорына 8,6 млрд теңгеден астам жарна түсті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.
05.04.2019
-
~
Түркістан облысында үш Ситуациялық орталық ашылды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Осымен Түркістан облысында үш Ситуациялық орталық ашылды. Мұның алдын Түркістан қаласы мен Шардара ауданында ашылған еді. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың бұйрығымен емханалық стационарлық медициналық көмектің сапасы мен ашықтығын жақсарту мақсатында «Ситуациялық орталық» іске қосылды. Бұл пациенттерге де, дәрігерлерге ыңғайлы құрал.
05.04.2019
-
~
225 мың медицина қызметкерінің жалақысы өседі – Біртанов
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет делегациясымен Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өңірдегі бірқатар медицина мекемесін аралап, жергілікті мамандардың жұмыстарымен танысып шықты.
04.04.2019
-
~
Ақтөбеде «Өзгеге өмір сыйла» атты акция бастау алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 2-3 сәуір күндері Ақтөбе қаласында қан тапсырудан «Өзгеге өмір сыйла» атты жастар арасында жалпы қалалық акция өткізіліп жатыр.
03.04.2019
-
~
ШҚО дәрігерлері науқастың трансплантологияға дейінгі өмірін ұзартуға кірісті
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысы медицина мамандарының біліктілігін көтеруде көш бастап тұрған өңірлердің бірі екені рас. Атап айтсақ, соңғы үш жыл көлемінде мықтап қолға алынған бұл істің нәтижесінде бағдарламаның бірінші кезеңі аяқталды.
03.04.2019
-
~
Нұр-Сұлтан әкімдігінде МӘМС мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық әкімдікте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері жөнінде кеңес өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты жазды.
03.04.2019
-
~
Премьер-министр Жамбыл облысында дәрігерлер тапшылығын шешуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке өңірдегі дәрігерлердің жоғары жүктемесі, кадрлар жетіспеушілігі мәселесі қалай шешіліп жатқанын сұрады.
02.04.2019
-
~
Ақмола облысында медицина мекемелерінің 80% ескірген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Үкімет отырысында өңірде алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу мен жөндеу жұмыстары туралы баяндады.
02.04.2019
-
~
Қарағанды облысында бірнеше медицина нысаны салынады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Биыл аймақтағы медицина мекемелерінің қатары көбеймек. Қарағанды іргесіндегі Майқұдық ықшам ауданда жаңа емxана сәуір айында тұрғындарды қабылдай бастаса, тағы да үш бірдей бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін орталықтың құрылысын бастау жоспарланған.
02.04.2019
-
~
Жаңа туған сәби шұғыл түрде санитариялық авиациямен ауруханаға жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы 22 наурызда Қазақстан Республикасының 1996 жылы туған азаматшасы, жаңа туған сәбиімен шұғыл түрде Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласынан Өскемен қаласына ҚР санитариялық авиация желісі бойынша тасымалданды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
27.03.2019
-
~
ШҚО-да бірнеше сырқат түрі тиімсіз диспансерлеуден арыла бастады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының емханалары біртіндеп пациенттерді әсері аз, бірақ шығыны көп диспансерлеуге емес адамның өз денсаулығын өзі қадағалау үрдісіне көше бастаған болатын.
25.03.2019
-
~
Денсаулық саласына 2 трлн теңге бөлінеді, бірақ халық шетелде емделуге мәжбүр - депутат
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев денсаулық сақтау саласына бюджеттен қыруар ақша бөлінгенімен, азаматтар елімізден ем таппай, шетелден шипа іздеп жүргенін айтты.
18.03.2019
-
~
Онкологиялық науқастарға жыл сайын 40 млрд теңге бөлінеді – министр
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онкологиялық пациенттерге медициналық қызмет көрсету үшін жыл сайын 40 млрд теңге бөлінетінін айтты.
18.03.2019
-
~
Елімізде 181 мың пациент қатерлі ісік диагнозымен диспансерлік бақылауда тұр
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Мәжіліс үйінде осылай деді.
18.03.2019
-
~
Қарағандының медицина мекемелеріне «сенім дүңгіршегі» орнатылады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда «сенім дүңгіршегі» аталатын жоба іске қосылды. Енді емделушілер медицина мекемелерінде орнатылған шұғыл байланыс терминалдары арқылы мамандарға бірден хабарласып, туындаған мәселесін уақытылы шешіп, сұрақтарына жауап ала алады.
15.03.2019
-
~
Біртанов Атыраудағы денсаулық сақтау саласымен танысты
Астана, BAQ.KZ. Іс-сапардың екінші күні ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Исатай ауданына барды. Бұл туралы Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
13.03.2019
-
~
Астана дәргерлерінің рейтингі қалай өлшенеді
Астана, BAQ.KZ. SmartAstana қосымшасындағы науқастардың пікірлері негізінде Астана қаласы дәрігерлерінің рейтингісі құрылады. Бұл тәжірибе білім беру саласына да қолданылады деп жоспарлануда, деп хабарланды Астана әкімдігінің ресми сайты.
13.03.2019
-
~
Астанада медициналық анықтамалар QR-кодпен қорғалды
Астана, BAQ.KZ. Енді SmartAstana қосымшасы арқылы еңбекке жарамсыздық парағы ғана емес, 083у, 086у, 094, 095 медициналық анықтамалардың түпнұсқалығын тексеруге болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
13.03.2019
Наверх