медицина
-
-
~
Қазақстанда 15 облыстық балалар ауруханасы жаңартылып жатыр
Қазіргі уақытта Қазақстанда 15 облыстық балалар ауруханасы жаңартылуда. Көпбейінді ауруханаларды жаңарту бойынша 18 өңірлік мастер-жоспар және облыстық перинаталдық орталықтарды жаңарту бойынша 17 мастер-жоспар бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.07.2025
-
~
Қазақстан медицинасының аңызы дүниеден өтті
90 жасында Қазақстандағы акушерлік пен гинекология саласындағы ғылыми мектептің негізін қалаушы, көрнекті дәрігер, қоғам қайраткері Нина Амировна Каюпова өмірден озды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.07.2025
-
~
Енді 1 млн қазақстандыққа МӘМС-ті жергілікті әкімдік төлейді
Келесі жылы 1 млн қазақстандыққа МӘМС жүйесіне қаражатты жергілікті бюджет төлейді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.07.2025
-
~
МӘМС пен медицина саласын цифрландыруға көшеміз – Бектенов
Елімізде денсаулық сақтау саласы, соның ішінде МӘМС жүйесі цифрландыруға көшуі мүмкін. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.07.2025
-
~
МӘМС, жаңа заң: Кім қанша төлейді?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде базалық жарналар мен аударымдардың есептелуі үшін кіріс мөлшеріне қойылатын шек (ЕТЖ) жоғарылайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14.07.2025
-
~
Жаңа заң: МӘМС жүйесінде не өзгереді?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14.07.2025
-
~
Президент медициналық сақтандыруға қатысты заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
14.07.2025
-
~
Ақтауда жаңа балалар ауруханасы мен жедел жәрдем ғимараты салынады
Маңғыстауда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында үш медициналық нысанның құрылысы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.07.2025
-
~
Жамбыл облысында фельдшерді белгісіз біреулер атып кетті
Жамбыл облысы, Байзақ ауданында жедел жәрдем фельдшерінің кеудесіне оқ атылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқ травматикалық тапаншадан тиген. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.07.2025
-
~
Дауыс қарлығады, тамақ ашиды: COVID-19-дың жаңа түрі таралуда
Ұлыбританияда COVID-19-дың жаңа штамы таралуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі independent-ке сілтеме жасап.
09.07.2025
-
~
"Гамма‑пышақ" дәуірі: Қазақстан нейрохирургиясы жаңа белеске шықты
Қазақстанның нейрохирургия саласы жаңа технологиялардың арқасында дәуірлік өзгеріс үстінде. Gamma Knife жүйесі хирургиялық емес сәулелік терапияны елімізге әкелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.07.2025
-
~
"СҚ-Фармация". Басынан дау кетпейтін компания жайында не белгілі?
Мемлекеттік дистрибьютордың қызметіне қатысты сыни мәлімдемелер азаймай тұр. Солардың бірі - "СҚ-Фармация", деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.07.2025
-
~
Мүгедектікті белгілеу бойынша 51 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
Енді мүгедектік тобын рәсімдеу бұрынғыға қарағанда жеңілдейді. Биыл іске қосылған пилоттық жоба аясында медициналық-әлеуметтік сараптама сырттай форматта жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстанның барлық өңірінен 51 мыңнан астам өтінім қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.07.2025
-
~
“9 ай азап”: Алматы перзентханасында дәрігерлер әйелдің ішінде дәке ұмытып кеткен
Алматылық әйел кесарь тілігі арқылы босанғаннан кейін ішінде дәке қалып кеткен. Бұл туралы заңгер Анна Чернова айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
02.07.2025
-
~
Жылына 536 рет: Отандық медавиация қанша өмірді құтқарды?
Елімізде медициналық авиация жарақаттан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 536 рет ұшты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.07.2025
-
~
Қазақстанда жедел жәрдем қанша уақытта келуі керек?
Қазақстанда оқиға орнына жедел жәрдем келетін орташа уақыт белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.07.2025
-
~
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы «Семиглавый Мар» станциясына жетті
2025 жылғы 1 шілдеде «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданына келді. Алғашқы аялдама — «Семиглавый Мар» станциясы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
01.07.2025
-
~
Жыл соңына дейін 150-ге жуық жаңа медициналық нысан салынады
Жыл соңына дейін Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 150-ге жуық жаңа медициналық нысан салынады, 508-нің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
01.07.2025
-
~
Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында 51 денсаулық сақтау нысаны салынуда
Елімізде Мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстар жалғасуда.
01.07.2025
-
~
Дәрігер дабылы: Асқазанға абайлап қараған жөн
Халық арасында көпшілік язва деп танитын ауру түрі – асқазан жарасы. Терапевт-профпатолог дәрігер Гүлназ Бақытжанқызы дабыл қағатын диагноз деді. Бүгінде кез келген адамда асқазан қыжылы, асқазан жарасының бастапқы этапы көрініс беретіндігін айтты. Дәрігер BAQ.KZ тілшісіне бұл атүсті қарайтын ауру емес, халық соны ұғыну керектігін еске салды.
30.06.2025
Наверх