халықаралық арна
-
-
Мұнай соғысы басталды ма? АҚШ Иран экспортына кедергі жасап жатыр
АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларды күшейтуі әлем назарын тағы да Таяу Шығысқа бұрды. Бірақ Вашингтонның бұл қадамы уақытша реакциядан гөрі ұзақ жылдардан бері жалғасып келе жатқан саясаттың жалғасы секілді. Тақырыпты BAQ.KZ тілшісі зерделеп көрді.
24.01.2026
-
Көпвекторлы саясат және бітімгерлік: Қазақстанның халықаралық беделі қалай қалыптасты
Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан сыртқы саясатта өз жолын айқын таңдады. Бұл жол – геосаяси қысым мен мүдделер қақтығысы арасынан теңгерім табуға негізделген көпвекторлы бағыт. Отыз жылдан астам уақыт ішінде осы саясат елдің халықаралық беделін қалыптастырып қана қоймай, оны орта держава деңгейіне дейін көтерді.
14.12.2025
-
Тоқаев Әзербайжан мен Армения келісіміне оң баға берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
09.08.2025
-
Халықаралық телеарна іске қосылады
Президент Телерадиокешені халықаралық телеарнаның 1 қыркүйектен бастап іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
BAQ.KZ.
Президент Телерадиокешенінің мәліметінге, телеарна қазақ және орыс тілдерінде тәулік бойы хабар таратады, арна сигналы оннан астам таяу шет елдерге қолжетімді болады. Жаңа спутниктік арнаның командасы танымдық және білім беру бағдарламаларын, деректі және музыкалық жобаларды, телехикаяларды эфирге шығармақ.
Сонымен бірге, Silk Way Cinema эфирінде республикалық телеарналар мен «Қазақфильм» киностудиясының фильмдік контенті де көрсетіледі.
Silk Way Cinema өзін жағымды көңіл
күй көзі ретінде танытады, жаңа телеарна аудиториясына тек қана қазақстандық контент ұсынылады. ҚР Президенті Телерадиокешенінің жаңа медиа-ресурсы отандық креативті индустрияның үлгісі болуды, көрші мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуды, сондай-ақ түрлі елдердегі қазақ диаспорасы өкілдеріне сапалы контент ұсынуды жоспарлап отыр, - деп жазылған Президент Телерадиокешенінің хабарламасында.
27.08.2023
Наверх