ақпарат
-
-
Әлемдегі 2,6 млрд адам қазақ әдебиетінің жауһарларымен танысуға мүмкіндік алды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. БҰҰ-ның 6 ресми тіліне аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологиясы 5 құрлықтағы 90-нан аса елдің жоғары оқу орындарына, кітапханалары мен ғылыми орталықтарына жеткізіледі. Бұл туралы ҚР Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева аударылған антологияның таныстырылымы кезінде айтты.
18.04.2019
-
Нұр-Сұлтандық студенттердің 6,3% пара бергенін жасырмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева айтты.
18.04.2019
-
Мемқызмет агенттігінің жұмыс кестесі өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметшілері жұмыстан сағат 17.30-да шығады.
18.04.2019
-
Азия чемпионаты. Б тобында Моңғолия үздік шықты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы бастамасымен жарияланған Жастар жылы аясында Алматыда байрағын көтерген Жастар арасындағы І Азия чемпионатының үшінші күнінде де Моңғолия құрамасы жеңіспен бастады.
18.04.2019
-
Мәскеудегі бокс кешінде Шәріповамен қатар кімдер жұдырықтасады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 сәуірде Мәскеуде Флойд Мейвезердің Бокс академиясында “Проспект” сериясындағы бокс кеші өтеді. Бокс кешіне қазақстандық Әлем чемпионы Фируза Шәріпова қатысады. Бұл туралы боксшының баспасөз қызметінің өкілі мәлім етті.
18.04.2019
-
Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Жамбыл облысында дауылды ескерту жариялады.
18.04.2019
-
Франциядағы теннис турниріне қатысатын спортшылар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен Қазақстан командасының төрт мүшесі «Ролан Гаррос» турнирінде бақ сынайды, деп жазады Olympic.kz.
18.04.2019
-
Отандық режиссердің фильмі Мадридтегі кинофестивальге қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдияр Байракимовтың «На грани» фильмі мамыр айының 17-і мен 31-і аралығында Испанияның астанасы Мадридте өтетін Imagine India халықаралық кинофестивальінің Life атты конкурстан тыс бағдарламасы шеңберінде көрсетіледі. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
18.04.2019
-
Бақытты отбасы: Қостанайда екі мыңнан астам отбасыға көмек көрсетілген
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тобыл-Торғай өңірінде бүгінге дейін кәсіпкерлердің көмегімен 22 көпбалалы отбасы баспанамен қамтамасыз етілген. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің меценаттарға жасаған үндеуінде айтылды.
18.04.2019
-
18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады.
18.04.2019
-
Қазақстаннан Делиге ұшатын рейстер 31 мамырға дейін тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Эйр Астана» әуекомпаниясы Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан Делиге ұшатын рейстерді тоқтатуға мәжбүр болған. Бұл ақпарат әуекомпанияның Instagram парақшасында жарияланған.
17.04.2019
-
Қызылжарда мектеп оқушылары «кітап жеуден» жарысты
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қызылжарда мектеп оқушылары «кітап жеуден» жарысқа түсті. Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Тәтті кітап» байқауы ұйымдастырылды. Өскелең ұрпақтың бойындағы білім алу, кітап оқуға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған шара Жастар жылы аясында ұйымдастырылды.
17.04.2019
-
Қазақстан Президенті ІІМ кеңейтілген алқа отырысына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алқа отырысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Б. Сағынтаев, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қ. Қасымов, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ә. Смайылов, Президент Әкімшілігінің және Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамы қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
17.04.2019
-
Атырау Түркістан қаласына «Ұлы дала» саябағын салып бермек
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы Түркістан қаласына «Ұлы дала» саябағын салмақшы. Бұл мұнайлы мекеннің тарихи шахарға арнайы сыйы болмақ. Атырау облысы Құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Аманов бұқаралық ақпарат құралдарымен өткен жиында осындай мәлімдеме жасады.
17.04.2019
-
Әшімбаев ЕҚЫҰ-ның сайлау жөніндегі кеңесшілерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлау жөніндегі кеңесшілері Радивоя Груич және Владимир Мисевпен, сондай-ақ, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының өкілі Димитрий Тодоричпен кездесті.
17.04.2019
-
Шымкентте «Құтты мекен» жобасы аясында 177 көпбалалы отбасына пәтер беріледі
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласында Nur Otan партиясының «Құтты мекен» жобасы аясында 6 513 пәтерлі 132 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 540 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы дайын, мамыр айында беріледі. Оның ішінде 177-і пәтері көпбалалы аналарға беріледі. Нәтижесінде биыл 1368 әлеуметтік жағынан әлсіз санаттағы және жас отбасылар (342 пәтер) баспаналы болады
17.04.2019
-
Әлеуметтік желіде Тоқаевтың атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кетті
Алматы, BAQ.KZ. Соңғы кездері әртүрлі әлеуметтік желілерде Мемлекет басшының атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кетті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.
17.04.2019
-
ОСК: Эфир мен баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері мен шарттары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.
17.04.2019
-
«Бақытты отбасы» жобасы бойынша Қарағанды облысында шаралар атқарылуда
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қарағанды облысындағы Nur Otan партиясының филиалында Балалардың құқығын қорғау бойынша республикалық кеңестің отырысы өтті. Жиында Елбасының бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» жобасының іске асырылу барысы талқыланды.
17.04.2019
-
Мысыр үкіметі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіру үшін 181 млн фунт бөлді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мысыр Араб Республикасы (МАР) Парламентінде Қазақстанның елшісі Арман Исағалиевпен өткен кездесу барысында Уақыптар министрі Мұхтар Джумаа Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіру үшін Мысыр Үкіметі 181 млн фунт (яғни, 10,5 млн АҚШ доллары) бөлгенін жариялады.
17.04.2019
Наверх