ақпарат
-
-
Мемлекет басшысы Бас прокурордың орынбасарын ауыстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен Андрей Иванович Лукин Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
25.04.2019
-
Қорғаныс министрлігінде үздік кадет таңдалуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шоқан Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында ауыспалы құрам арасында жыл сайынғы «Үздік кадет» әскери-кәсіби шеберлік байқауы басталды.
25.04.2019
-
Тоқаев соңғы 15 жылда Қазақстанда тұрған – ОСК
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық Сайлау комиссиясы соңғы 15 жыл ішінде екі жыл шетелде тұрған Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың заңнамада қойылған барлық талаптарға қалай сай келетінін түсіндіріп берді.
25.04.2019
-
ОСК Тоқаевты кандидатқа қойылатын талаптарға сай келеді деп таныды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясының атынан ҚР Президенттігіне ұсынылған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидатқа қойылатын талаптарға сай келеді деп шешті.
25.04.2019
-
Қазақстанда полиэтилен пакеттерін сатуға кезең-кезеңімен тыйым салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Энергетика министрлігі әзірленіп жатқан жаңа Экологиялық кодекстің аясында Қазақстан аумағында бөлшек саудада полиэтилен пакеттерін (сыйымдылығы шағын) сатуға кезең-кезеңімен тыйым салу мәселесін қарастырады.
25.04.2019
-
Республика бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу үлесі 11,5% дейін өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2018 жылдың қорытындысы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды (бұдан әрі – ТҚҚ) бөлек жинаумен, сұрыптаумен және өңдеумен айналысатын кәсіпорындар саны 150-ге жетті.
25.04.2019
-
Тоқаев үш ауысымда оқытуды жоюды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованы қабылдады.
25.04.2019
-
«НҰР-СҰЛТАН» Жайыққа жіберілді
Орал, BAQ.KZ. Орал қаласында «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ қарасты «Зенит» зауытында құрастырылған «НҰР-СҰЛТАН» кемесі салтанатты түрде суға жіберілді.
25.04.2019
-
ШҚО-да ҰОС ардагерлеріне арналған медициналық айлық жарияланды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ұлы Жеңістің 74-ші жылдығына орай Шығыс Қазақстанда 25 сәуір 25 мамыр аралығында ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғалардың денсаулығын қадағалауға арналған «Қамқорлық» медициналық айлығы жарияланды.
25.04.2019
-
Мемлекеттік жиындардың бәрі қазақ тілінде өтуі тиіс - президентікке үміткер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан алдағы кезектен тыс ҚР Президентінің сайлауына түсетін Төлеутай Раxымбеков айтты.
25.04.2019
-
Конституциялық Кеңес Республика Президентінің өтініші бойынша шешім қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініші бойынша Конституциялық Кеңестің отырысы өтті.
25.04.2019
-
Қазақстанда кальян шегуге «тыйым салынса», 5 мыңға жуық орын жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Егер Қазақстанда «Ұлт саулығы» туралы заңнамаға байланысты ресто-барларда ашық түрде кальян шегуге тыйым салынса, 5 мыңға жуық кәсіпкер табыс көзін жабуға мәжбүр болады.
25.04.2019
-
Елордада шетелдік қазақ жастары арасында футбол турнирі өтеді
Нұр-Сұлтан, 27-28 сәуірде елордада тарихи Отанына оралған, сондай-ақ шет елдерде тұратын қандастарымыздың арасында шағын футболдан халықаралық турнир өтеді.
25.04.2019
-
Сайлауда түгел дауыс береміз – Ақтөбе хром зауытының ұжымы
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбедегі «Қазхром» ТҰҚ» АҚ еңбек ұжымы кезектен тыс президент сайлауында бірауыздан дауыс береді. Сондай-ақ, олар «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX съезі шешімін толықтай қолдайтындарын жеткізді.
25.04.2019
-
"Ауыл" партиясының атынан сайлауға түсетін үміткер таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының XV кезектен тыс съезі өтіп, алдағы сайлауға қатысатын үміткер анықталды.
25.04.2019
-
Су тасқыны зардабы үшін әкімдіктер бюджеттен ақша сұрамаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл су тасқынына байланысты бірде-бір әкімдік республикалық бюджеттен қаржы сұрамаған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
25.04.2019
-
Үш айдың ішінде Nur Otan партиясына 500-ден астам өтініш-арыз келіп түскен
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Үш айдың ішінде Nur Otan партиясына 500-ден астам өтініш-арыз түсті. Дегенмен, Nur Otan партиясының беделді депутаттарының, саяси бюроның және мекеме басшыларының арқасында осы өтініштердің 70%-ы оң шешімін тапты.
25.04.2019
-
Қазақстан туралы сандық энциклопедия жарыққа шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» жаңа мобильді қосымшасын ҚР Сыртқы істер министрлігі ұсынды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
25.04.2019
-
ІІМ су басу қаупі бар елді мекендерді бақылауда ұстап отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Қазақстанның қай аумақтарында су тасқыны қаупі бар екенін айтты. Бұл туралы ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
25.04.2019
-
Жастар өздерін дамытуға көңіл бөлуде - инженер
Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Алматы қаласы Жетісу ауданындағы “Нұр Отан” партиясының филиалында “Жол картасы-2020” бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау алу жөнінде қоғамдық қабылдау өтті.
25.04.2019
Наверх