ақпарат
-
-
Қоғамдық орындарда маска тегін таратылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн сайын тәртіп сақшылары мен еріктілер адамдар көп жүретін қоғамдық орындарда, саябақтарда жаяу патрульдік тексеріске шығады. Олар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін санитарлық нормаларды сақтау қажеті туралы қала тұрғындарына түсіндіру жүргізуде.
03.06.2020
-
Алматыда карантин шаралары күшейтіледі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қалада вирус жұқтырып жатқандар бар, осыған байланысты карантиндік шаралар әлі де жалғасады және күшейтіледі. Бұл туралы Алматы қаласы Мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.
03.06.2020
-
Түркістан жолдарында "Bus line" жолағы жүргізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Bus line" – қала көшелеріндегі қоғамдық көліктердің жүруіне арналған арнайы жолақ. Қаладағы қоғамдық көліктер енді кедергісіз қимылдайтын арнайы жолағы бар осы жолдармен жүретін болады.
Жасыл жолмен мүгедек арбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен электромобильдер де жүре алады. Жаңа жобаны облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке шаһар басшысы Рашид Аюпов таныстырды.
Жасыл түсті белгілер жақын күндері Түркістанның барлық көшелерінде пайда болады. Арнайы белгіленген жолға басқа көліктердің кіруіне және тоқтауына тыйым салынған. Ал, орталық Бекзат Саттарханов көшесінің бойында көліктің тоқтауына мүлдем рұқсат болмайды. Жаңа жоба тесттік тәртіпте енгізілгендіктен, әзірге ереже бұзған жеке жүргізушілерге ешқандай айыппұл салынбайды. Бірақ, алдағы уақытта түсіндіру жұмыстары аяқталғасын арнайы жолаққа еніп кеткендер жазаланбақ, - делінген ақпаратта.
Жаңа өзгеріс қаладағы кептелістің алдын алуға да бағытталған. Қоғамдық көліктерге әсіресе қарбалас уақытта жылдамдықпен жүруге жол берілмейді және жолаушылар да тиісті жеріне уақытылы жете алады. Бүгінде облыс орталығындағы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін 100-ге жуық жолдардың жартысына жуығында тасжол төселді. Жолдың іргесін нығыздау, кәріз жүйесі құдықшаларының деңгейін көтеру сынды жұмыстар жүргізілуде.
03.06.2020
-
Депутаттар ауылдарда интернет жылдамдығын арттыруды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаттары шалғайдағы ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету туралы заң жобасын ұсынды. Бүгін Мәжілістегі пленарлық отырыста депутат Мейрам Пішембаев шалғайдағы ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету процесін жеделдету қажеттігін мәлімдеді.
03.06.2020
-
Байбек "Birgemiz" қорынан көмек алатындар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram желісіндегі парақшасында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қорынан 50 000 теңге көлеміндегі біржолғы төлемдерді тағы да кімдердің алатыны туралы айтты.
03.06.2020
-
Саяси тұтқындардың нақты саны әлі күнге дейін анықталған жоқ – тарихшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Саяси тұтқындардың нақты саны әлі күнге дейін анықталған жоқ. Бұл туралы тарих ғылымдарының кандидаты, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі Сәбит Шілдебай айтып берді.
03.06.2020
-
19 жастағы қазақстандық World of Forbes тізіміне енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тимур Рыспеков - AbsCrypt - құрылғыдағы барлық ақпаратты қорғайтын криптографиялық жүйенің негізін қалаушы.
03.06.2020
-
Грантқа түсу мүмкіндігін мобильді қосымша арқылы білуге болады – жоба жетекшісі
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Түркістан облысы бойынша 11 сыныпты 24658 оқушы бітірді. Аймақта тестілеуге 24658 бітірушінің 18634-і өтініш берді. Бұл жалпы түлектердің 75,5 пайызын құрайды.
03.06.2020
-
Соңғы қоңырау сыңғыры. Кешігіп жеткен мереке. Фоторепортаж
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пандемия кезінде оқу жылының төртінші тоқсаны қашықтан оқумен ерекшеленді.
03.06.2020
-
Маңғыстау облысында биыл жергілікті жолдардың 150 шақырымы жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында 2020 жылы автомобиль жолдары саласында 20-ға тарта жоба жүзеге асырылады. Ол қазақстандықтарға танымал демалыс аймақтарына кедергісіз жетуге мүмкіндік беріп, өңірдегі туристік кластерді дамытуға септігін тигізбек.
03.06.2020
-
Доллар бағамы 400 теңгеден төмен түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. KASE-де доллар бағамы наурыз айынан бері бірінші рет 400 теңгеден төмен түсті.
03.06.2020
-
Іле-Алатау ұлттық паркіне Сиверс алмасының көшеттері отырғызылды
Алматы, BAQ.KZ. Іле-Алатау ұлттық паркінде орналасқан Аюсай тау шатқалына Алматы қаласының экологиялық қоғамдастық өкілдері мен ғалымдар алманың түп тамыры саналатын Сиверс алмасының 100 көшетін отырғызды.
03.06.2020
-
АШМ: 8 құс фабрикасы мен 3 ет комбинаты іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен есеп беру кездесуінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров министрліктің ағымдағы жылғы жұмыс жоспарлары туралы баяндады.
03.06.2020
-
Медициналық бетперде тәулігіне 1 млн данаға дейін шығарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың пандемиясына байланысты өңдеуші өнеркәсіптің кейбір салаларының қызметі қайта бағдарланды, деп хабарлайды Елорда Инфо Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
03.06.2020
-
Тоқаев: Орыстар – қазақ халқының бір бөлшегі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында Қазақстанда 3,5 миллионнан астам орыс тұратынын, олардың жалпы халық санындағы үлесі 19%-ға жететінін айтты.
03.06.2020
-
Инженерлер мұзда таймайтын табан ойлап тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Идея авторлары мұндай пластинаны аяқ киімде пайдалану құлау қаупін айтарлықтай төмендетеді, деп санайды.
03.06.2020
-
Биыл елімізде 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл елімізде 15 млн. шаршы метр тұрғын үй салу және 39 мыңнан астам отбасын мемлекеттік қолдаумен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
03.06.2020
-
Қордайдағы толеранттылық деңгейі 90%-дан асады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы 1 қаңтардағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Жамбыл облысы тұрғындарының саны 1 млн 130 мың 99 адамды құрайды. Өңірде 87 этнос пен этникалық топтың өкілдері қоныстанған. Қазақтар 72,81 % болса, орыстар – 9,60%, дүнгендер – 5,29%, қалғандары түрік, өзбек, күрд, кәріс, әзербайжан, татар, қырғыз, неміс, украин, ұйғыр, шешен, грек, белорус, тәжік және өзге ұлттар.
03.06.2020
-
3 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 маусымда ел аумағының басым бөлігінде шаңды дауыл, жел, жауын жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
03.06.2020
-
3 маусымда екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 маусымда еліміздің екі қаласында – Шымкент пен Балқашта қолайсыз метеорологиялық жағдай орын алуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
03.06.2020
Наверх